Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің 2021- 2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы № 432 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6937 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жана редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 41161 мың теңге:
- салықтық түсімдер - 3848 мың теңге;
- салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
- трансферттер түсімі – 37663 мың теңге;
2) шығындар – 41202 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
- бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
- бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
- қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -40,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–40,9 мың теңге:
- қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
- қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
- бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 40,9 мың теңге.»;
«3-1. 2021 жылға арналған Драгомиров ауылдық округі бойынша 2021 жылға арналған бюджет шығыстары 2021 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен және осы шешімнің 4 -қосымшасына сәйкес 2020 жылы республикалық бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен қамтамасыз етілсін.
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1.2021 жылға арналған Драгомиров ауылдық округінің бюджетінде қызметтік автокөліктерді сатып алуға аудан бюджетінен Драгомиров ауылдық округінің бюджетіне нысаналы трансферттердің түсуі ескерілсін - 6600 мың теңге, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге елді мекендер - 2000 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру - 700 мың теңге.
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаралым саны: 281