Халықпен жұмыс

Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

  1. өсиеттердi куәландырады;
  2. сенiмхаттарды куәландырады;
  3. құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
  4. өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментi төмендегiнi хабарлайды:

2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (әрi қарай — жоба) сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi қолға алатын мөлшерден 8%-ға арттырылады;
  • еңбек ету қабiлетiнен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-дан жүргiзiлетiн әлеуметтiк төлемдер 16 %-ға арттырылады;
  • 2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған «бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын балалары бар, яғни кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн олар оқу орнын бiтiретiн уақытқа (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн) оқитын балалары бар көп балалы отбасылар» (әрi қарай — көп балалы отбасылар) жәрдемақының бүл түрiн оны алуға құқығын жоғалтқанға дейiн «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңының 7-бабының 17-тармақшасымен белгiленген мөлшерiнде алатын болады, яғни балалары кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн).

Осыған байланысты, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны ресiмдемеген көп балалы отбасылар ағымдағы жылдың аяғына дейiн жәрдемақыны ресiмдеулерi қажет, себебi 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының бұл түрi тағайындалмайды;

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылдан 2027 жылды қоса алғандағы кезеңде әйелдердiң зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен арттыруды қарастыратын норма өз күшiне енедi. Зейнеткерлiк жасты арттыру 10 жыл iшiнде бiртiндеп жыл сайын 6 айдан арттырылады.

№1 мысал:

2018 жылдың бiрiншi жартысында 58 жасқа толатын әйелдердiң зейнеткерлiк жасы 6 айға артады. Егер ол 1960 жылы 5 қаңтарда туса, зейнетке 2018 жылғы 5 шiлдеден бастап шығады.

№2 мысал:

Егер әйел адам 1959 жылы 5 желтоқсанда туса, онда 2017 жылғы 5 желтоқсан күнi ол 58 жасқа толады, бiрақ егер ол кiсi жасы бойынша зейнетақы тағайындауға өтiнiшпен 2018 жылғы 1 қаңтардан кейiн жүгiнсе, онда тек 58,5 жасқа толғанда ғана, яғни 2018 жылғы 5 маусымда ғана зейнетке шығу құқығына ие бола алады.

Осылайша зейнетке шығу құқығын уақытында пайдалану қажет.

Жыл Зейнеткерлік
жас
Туған күн датасы
2018 жылғы 1 қаңтардан 58 жас 6 ай 1960 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1960 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2019 жылғы 1 қаңтардан 59 жас 1960 жылғы шілденің 1-нен бастап 1960 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2020 жылғы 1 қаңтардан 59 жас 6 ай 1961 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1961 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2021 жылғы 1 қаңтардан 60 жас 1961 жылғы шілденің 1-нен бастап 1961 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2022 жылғы 1 қаңтардан 60 жас 6 ай 1962 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1962 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2023 жылғы 1 қаңтардан 61 жас 1962 жылғы шілденің 1-нен бастап 1962 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2024 жылғы 1 қаңтардан 61 жас 6 ай 1963 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1963 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2025 жылғы 1 қаңтардан 62 жас 1963 жылғы шілденің 1-нен бастап 1963 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2026 жылғы 1 қаңтардан 62 жас 6 ай 1964 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1964 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2027 жылғы 1 қаңтардан 63 жас 1964 жылғы шілденің 1-нен бастап 1964 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта

Зейнетке шығу жасын арттырудың кiмдерге қатысы жоқ:

Қазақстанда зейнетке шығу жасының артуы қазiргi уақытта зейнеткерлiкке ерте шығу бойынша жеңiлдiктерге құқығы бар төмендегi әйелдерге қатысы жоқ:

  • 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер, олардың 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу құқығы бар;
  • 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1936 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 5 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған әйелдер 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн ресiмдеуге құқығы бар.
  • Базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбiнiң өзгеруi.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап базалық төлемдi тағайындау әдiсiн өзгерту қарастырылып жатыр, ол зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты тағайындалатын болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгiленген зейнетке шығу жасына жеткенде ғана тағайындалады: ерлер үшiн 63 жас, әйелдер үшiн 58 жас 6 айда. Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс iстеп, БЖЗҚ-ға аударымдар жасаса немесе мүлде жұмыс iстемесе, онда оған базалық зейнетақы күнкөрiс минимумынан 54% мөлшерде тағайындалады, ал бұл мөлшер бүгiнгi базалық зейнетақы мөлшерiмен тең. Бұдан артық жұмыс iстеген әрбiр 10 жыл үшiн базалық зейнетақы 2%-ға көтерiледi.

Еңбек өтілі Күнкөріс минимумынан үлес
10 54%
11 56%
12 58%
13 60%
14 62%
15 64%
16 66%
17 68%
18 70%
19 72%
20 74%
21 76%
22 78%
23 80%
24 82%
25 84%
26 86%
27 88%
28 90%
29 92%
30 94%
31 96%
32 98%
33 100%

Мысал:

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн адамның еңбек кiтапшасымен расталатын 20 жыл еңбек өтiлi бар және 1998 жылдан кейiн 13 жыл Мемлекеттiк корпорацияның бiрыңғай есептiк орталығымен (бұрынғы ЗТМО) расталатын жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударған. Бұл жағдайда базалық зейнетақыны тағайындау үшiн жиынтық еңбек өтiлi 33 жылды құрайды (20 жыл еңбек өтiлi+13 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуы). Базалық зейнетақы мөлшерi 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап күнкөрiс минмумы мөлшерiнен 100%-ды құрайды.

Егер сұрақтарыңыз туындаған жағдайда келесi мекенжай бойынша жүгiнуiңiзге болады: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Астана к., 166-үй, немесе телефон арқылы: 8-715-36-79-9-48.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары (ZIP 22 Kb)

Мақаланы құрған күні 28.03.2018 10:20

Мақаланы жаңартқан күні 16.06.2022 11:42

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz