«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына пресс–релиз

Осы нормативтік-құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты — мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Драгомиров ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджет кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ескере отырып, 2017-2018 жылдардағы есептелінген және төленген салық сомалары, 2019 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабының негізінде есептелген.

Драгомиров ауылдық округінің 2020 жылға арналған бюджет түсімдерінің болжамды көлемі 5200 мың теңге, 2021 жылға — 6511 мың теңге, 2022 жылға — 6771 мың теңге сомасында белгіленді.

2020 жылға аудандық бюджеттен 13138 мың теңге, 2021 жылға — 12209 мың теңге, 2022 жылға — 12278 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарлануда.

Драгомиров ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 2020 жылға 18338 мың теңгені, 2021 жылға 18720 мың теңгені, 2022 жылға — 19049 мың теңгені құрайды.

Нормативтік-құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Драгомиров ауылдық округінің әкімі м. а. Ж. Ажігұлов

02.11.2020
Қаралым саны: 354
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz