«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің 2021– 2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы№ 432 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің 2021- 2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы № 432 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6937 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жана редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің  2021 – 2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 41161 мың теңге:

  • салықтық түсімдер - 3848 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
  • трансферттер түсімі – 37663 мың теңге;

2) шығындар – 41202 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

  • бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

  • қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -40,9  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–40,9 мың теңге:

  • қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
  • қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 40,9 мың теңге.»;

«3-1.  2021 жылға арналған Драгомиров ауылдық округі бойынша 2021 жылға арналған бюджет шығыстары 2021 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен және осы шешімнің 4 -қосымшасына сәйкес 2020 жылы республикалық бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен қамтамасыз етілсін.

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1.2021 жылға арналған Драгомиров ауылдық округінің бюджетінде қызметтік автокөліктерді сатып алуға аудан бюджетінен Драгомиров ауылдық округінің бюджетіне нысаналы трансферттердің түсуі ескерілсін - 6600 мың теңге, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге елді мекендер - 2000 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру - 700 мың теңге.

көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешім осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 37 Kb)

25.07.2021
Қаралым саны: 273
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz