«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы№ 432 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы № 432 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6937 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жана редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округінің  2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер — 45096 мың теңге:

салықтық түсімдер — 6210 мың теңге;

салықтық емес түсімдер — 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 0 мың теңге;

трансферттер түсімі — 38886 мың теңге;

2) шығындар — 45136,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу — 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер — 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу — 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу — 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) — -40,9  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) — 40,9 мың теңге:

қарыздар түсімі — 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 40,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Қосымша (ZIP 37 Kb)

28.10.2021
Қаралым саны: 282
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz